Генеративті жасанды интеллект негізінде цифрлық білім беру ресурстарын жобалаудың педагогикалық модельдері
Білім беру: 1.0-ден 5.0-ге дейін
Технологияның білім беру жүйесіндегі рөлінің өзгеру динамикасы.
- Механикалық жаттау
- Аудиториялық оқыту
- Технологиясыз
- Пассивті қабылдау
- Технологияны шектеулі қолдану
- Аралас оқыту (Blended)
- Белсенділік
- Толық цифрлық интеграция
- Төңкерілген сынып
- Студентке бағдарлану
- AI негізіндегі оқыту
- IoT және Инновация
- Адаптивті оқыту
- Дербестендірілген оқу
- GenAI — басты құрал
- Адам және ЖИ ынтымақтастығы
- Деректер қауіпсіздігі
Education 5.0 және GenAI
Білім беру жүйесі «Education 5.0» парадигмасына ауысуда. ChatGPT, Gemini, Midjourney педагогикалық дизайнды түбегейлі өзгертуде.
Мәселе 01
GenAI құралдарын жүйелі қолданудың ғылыми негізделген модельдері жоқ.
Мәселе 02
Ақпараттың шынайылығын тексеру және ЖИ галлюцинациялары зерттелмеген.
Мәселе 03
Дәстүрлі модельдер (TPACK) промпт-инженерияны қамтымайды.
Мақсат және Нысан
Зерттеу Нысаны
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау үдерісі және цифрлық ресурстарды жобалау іс-әрекеті.
Зерттеу Пәні
GenAI интеграциялау арқылы ресурстарды жобалаудың теориялық негіздері мен педагогикалық моделі.
Зерттеу Мақсаты
Генеративті жасанды интеллект технологияларын педагогикалық дизайн үдерісіне кіріктіру арқылы сапалы, дербестендірілген цифрлық білім беру ресурстарын жобалаудың педагогикалық моделін ғылыми негіздеу және әзірлеу.
Егер модель жүзеге асырылса...
Өнімділік
Педагогтардың контент әзірлеуге жұмсайтын уақыты қысқарып, жұмыс өнімділігі артады.
Сапа
Оқу ресурстары білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімделіп, білім сапасы жақсарады.
Құзыреттілік
Болашақ мұғалімдерде жаңа «Промпт-инженерия» және «GenAI сауаттылық» қалыптасады.
3 Іргелі Платформа
GenAI-TPACK
Дәстүрлі TPACK моделінің трансформациясы. Нейрожелілерді түсіну мен промпт-инженерияны қамтиды.
DBR (Design-Based)
Циклдік тәжірибе:
Талдау → Жобалау → Сынақ → Рефлексия арқылы модельді
жетілдіру.
Human-Centered AI
«Human-in-the-loop»: GenAI – генератор, ал Педагог – верификатор және шешім қабылдаушы.
Күтілетін Нәтижелер
1. Жаңа Модель
Отандық педагогикада алғаш рет «Педагог пен ЖИ ынтымақтастығына» негізделген жобалау моделі жасалады.
2. Верификация Алгоритмі
Жасанды интеллект жасаған контенттің дидактикалық сапасын және этикасын тексеру алгоритмі ұсынылады.
3. AI-Ассистент Құзыреттілігі
Педагогтардың кәсіби дамуына жаңа компонент – «AI-ассистентпен педагогикалық жобалау» енгізіледі.
4. Жарияланымдар
Scopus, WoS базасындағы және ККСОН ұсынған журналдарда мақалалар жарияланып, авторлық куәлік алынады.